ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 07 маусым 2016 13:18
Ақтөбедегі терактіден кейін 20-дан аса қылмыстық іс қозғалды
Ақтөбеде лаңкестердің шабуылынан кейін 20-дан аса қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды РИА Новости ҚР бас прокуратурасына сілтеме жасап.
"20-дан аса қылмыстық іс қозғалды", - деді агенттікке сұхбат беруші. Оның айтуынша, қылмыстық істің жартысы қылмысқа, қарақшылыққа, ғимаратқа шабуыл жасауға және қару-жарақ тонауға байланысты қозғалып отыр.
Айта кетейік, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу