ПОДЕЛИТЬСЯ
16 тамыз 2022 | 14:37
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуы: "Азаматтарға арналған үкімет" оқиғаға қатысты пікір білдірді
Азаматтарға арналған үкімет Нұр-Сұлтандағы №2 арнайы ХҚКО маманының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Азаматтарға арналған үкімет Нұр-Сұлтандағы №2 арнайы ХҚКО маманының ұсталуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекеттік корпорацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бүгін әлеуметтік желілерде заңсыз әрекеттер мен Нұр-Сұлтан қаласындағы №2 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ұсталғаны туралы тараған видеоға қатысты мынаны хабарлайды.
Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзуды жою саясатын ұстанады. Мемлекеттік корпорацияның ішкі қауіпсіздік бөлімі тұрақты негізде ішкі аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің заңсыз әрекетін анықтайды. Ішкі қауіпсіздік департаменті жинаған барлық материал одан әрі тергеу үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі", - делінген хабарламада.
Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйсекеевтің айтуынша, 2022 жылдың алты айында департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті құқық қорғау органдарына көлік құралдарын қайта тіркеу саласындағы заңбұзушылықтар және жүргізуші куәліктерін беру туралы мәліметтермен 33 хат жолдаған.
"Ұсталған қызметкерге келсек, оның әрекетіне уәкілетті органдар құқықтық баға береді", - деді Нариман Дүйсекеев.
Еске салайық, бұған дейін арнайы ХҚКО қызметкерлері мен полиция қызметкерлері автокөліктерді тіркеу кезінде заңсыз баю схемасын пайдаланғаны хабарланған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также