02 қыркүйек 2021 | 12:18

Арнайы операция: Алматыда қару-жарақ арсеналы тәркіленді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Алматыда қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы операция өтті, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда қару-жарақ арсеналын тәркілеу бойынша арнайы операция өтті, - деп хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдіктіні криминалдық полиция қызметкерлері Алматыдағы ҰҚКО әріптестерінің көмегімен ұстаған.

"1975 жылы туған Д. есімді азаматтың автокөлігі Жандосов және Яссауи көшелерінің қиылысында ұсталды. Көлігінен патрондары бар екі тапанша табылды. Сондай-ақ, Алматы облысы Талғар ауданындағы тұрғылықты жеріндегі құпия орнынан тағы алты қару, оның ішінде 12 калибрлі винчестер, граната және 60 патрон табылды. Қару тиесілігін, шығуын, сондай-ақ, қандай да бір қылмысқа қатыстылығын анықтау үшін тәркіленді және сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді", - деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, күдіктінің үйінен ұнтақ зат салынған төрт бума табылды. Медициналық сараптама күдіктінің ұсталған кезде есірткіге мас болғанын анықтады.

"Азамат Д. ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 287-бабы, 3-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр", - деп түйіндеді Науатов.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның бес өңірінде жүргізілген арнайы операция барысында ҰҚТ-ның 28 қатысушысы ұсталғаны хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная