12 мамыр 2019 14:53

Аса ауыр қылмыс жасады деген күдікті Алматыда ұсталды

Алматы облысының полиция қызметкерлері бірнеше ай бұрын аса ауыр қылмыс істеді деген күдіктіні - 33 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне слітеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының полиция қызметкерлері бірнеше ай бұрын аса ауыр қылмыс істеді деген күдіктіні - 33 жастағы ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ПД баспасөз қызметіне слітеме жасап. 

Күдікті Панфилов ауданының бір ауылында тұрады және қаңтар айының басында атыс қаруын қолданып, Жаркент қаласының 30 жастағы тұрғынын ауыр жарақаттаған. Дер кезінде ауруханаға жатқызылған ер адам аман қалды, ал күдікті оқиға орнынан қашып кетті, оған республикалық іздеу жарияланды.

Реклама
Реклама

"Ұйымдастырылған жедел шаралар барысында облыстық полиция қызметкерлері күдіктіні Алматыдағы жалдамалы пәтерде ұстады. Күдіктіні Панфилов полиция бөліміне жеткізіп, уақытша ұстау изоляторына қамады", - делінген хабарламада. 

Ұсталған адамға кісі өлтіруге оқталу қылмысы әшкереленеді. Қару, шамамен тегіс ұңғылы аңшы мылтығы табылған жоқ.

"Осы дерек бойынша тергеу облыстық тергеу басқармасының қызметкерлері өндіріске алды. Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, оқиға жәбірленушілер мен күдіктілердің арасында жанжал шыққан, соның нәтижесінде қаруды пайдаланылған", - деп толықтырды баспасөз қызметінің өкілдері.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram