Аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды

видео кадры

Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Ресейден аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікті экстрадицияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тарту мақсатында Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.

"Күдікті 2019-2020 жылдар аралығында кәсіпкерді алдау және сеніміне қиянат жасау арқылы жалпы сомасы 53 миллион теңге мөлшерде арнайы техниканы, сондай-ақ алаяққа тиесілі емес көлікті 35 миллион теңгеге сатып, ірі көлеміндегі қаражатты жымқырған.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қашып кеткен, сол себепті ол халықаралық іздеу жарияланған", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Биыл шілдеде ол Санкт-Петербург қаласында ұсталды. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша ол елге экстрадицияланды.

"Қазіргі уақытта күдікті Петропавл қалалық тергеу изоляторына қамалды. Айыпталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама