ПОДЕЛИТЬСЯ
20 тамыз 2021 | 09:45
Ashyq-қа енгізу үшін 100 мың теңге. Түркістан облысында шенеунік ұсталды
Түркістан облысында кәсіпкерлерді Ashyq қосымшасына енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Түркістан облысында кәсіпкерлерді Ashyq қосымшасына енгізу үшін пара алған шенеунік ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.
Ведомство мәліметінше, бүгінде Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы" РММ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Аталған лауазымды тұлға COVID-19 инфекциясының таралуын тежеу бойынша мемлекет қабылдап жатқан шараларға қарамастан, кәсіпкерлерден Ashyq қосымшасын енгізу үшін оң санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды бергені үшін 100 мыңнан 120 мың теңгеге дейін пара алды", - делінген хабарламада.
Ведомство мәліметіне сүйенсек, күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабына ("Ұстап алу негіздері") сәйкес ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также