Әскери гарнизондарда 825 миллион теңгенің мүлкі ұрланған

Дина Шарипханова Корреспондент

Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 миллион теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас әскери прокуратура мәліметіне сілтеме жасап.

"Әскери прокуратура органдарымен Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдерінде әскери мүліктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізіліп жатыр. Алматы, Қонаев, Сарыөзек және Талдықорған гарнизондарында шамамен 825 миллион теңгедей сомаға заттай мүлік пен жеке қорғаныс құралдарын ұрлау белгілері бойынша соталды тергеу басталып, 8 қылмыстық іс қозғалды", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, тергеу жүргізуді Бас әскери прокуратураның арнайы прокурорлары жүзеге асырады. Өзге ақпарат тергеу мүдделеріне байланысты жария етілмейді.

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама