АШМ Комитетінің экс-басшысы Сақташ Хасеновтің ісі сотқа жолданды

?Р Ауыл шаруашылы?ы министрлігіні? ветеринарлы? ба?ылау ж?не ?ада?алау комитетіні? б?рын?ы т?ра?асы Са?таш Хасеновке ?атысты ?ылмысты? іс сот?а жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бұрынғы төрағасы Сақташ Хасеновке қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Алдын ала сот отырысы биыл 25 мамырға белгіленді", - деді соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Сақташ Хасенов 2016 жылдың 4 қарашасында бірнеше рет пара алғаны үшін ұсталған. Ол өз кінәсін толығымен мойындады. Ұлттық бюроның мәліметінше, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы Хасенов Сақташ Қазақстан аумағына ет өнімдерін кіргізуге рұқсат қағаздарын беріп отырғаны үшін бірнеше рет пара алған.

Реклама
Реклама

"Комитет төрағасы Хасенов өзінің сенімді өкілі Решетько арқылы алдын ала келісім бойынша Қазақстан аумағына әрбір ет өнімінің келісі үшін кәсіпкерлерден ай сайын ақша алып отырған. Хасеновтың құзыретімен 2016 жылдың наурыз айынан қазанға дейін елімізге 7,4 мың тонна құс еті кедергісіз кірген. Хасенов пен Решетько алған параның көлемі - 37 миллион теңге", - деген еді Антикоррупция қызметі.

Айта кетейік, 2010 жылы 10 тамызда Сақташ Хасенов ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі қызметіне тағайындалған болатын, ал 2015 жылы маусым айында ол Қазақстанның ауыл шаруашыдық министрлігінің ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің төрағасы болып сайланған болатын.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама