29 қаңтар 2021 | 11:54

"Астана LRT-ның" бұрынғы басшысы Талғат Арданды іздеу әлі де жүргізіліп жатыр

Талғат Ардан

Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана LRT-ның" бұрынғы басшысы Талған Ардан алыс шет елдерден іздестіріліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Астана LRT-ның" бұрынғы басшысы Талған Ардан алыс шет елдерден іздестіріліп жатыр. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің екінші департаментінің басшысы Сергей Перов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"LRT ісі бүгінде сотта, жалпы жеті айыпталушы бар. Барлық жағдай мен деректі сол жерден алуға болады. Бізде екі адам әлі іздестіруде. Ол Ардан мен Сұлтанбеков. Бүгінде бұл іс бойынша халықаралық серіктестік жүріп жатыр", - Сергей Перов. 

Реклама
Реклама

Перов журналистердің "Екі күдікті қайда болуы мүмкін?" деген сұрағына "Бізде болжам бойынша ақпарат бар. Оны құзыретті органдармен талқылап жатырмыз. Ол алыс шет елдері", - деп жауап берді.  

LRT ісі: Қаражат қалай жымқырылған?

Еске салайық, "Астана LRT" бұрынғы басшысы Талғат Арданға 2019 жылдың 30 шілдесінде халықаралық іздеу жарияланған болатын.  

LRT құрылысы 2019 жылдың 31 желтоқсанында аяқталып, оны 2020 жылдың жазында іске қосу тиіс болған. Ұзындығы 22,4 шақырым болатын жоба қаражаты 1 миллиард 887 миллион доллар деп есептелген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная