Астана мешіттерінде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды

Астанада мешіттерде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Астанада мешіттерде ұрлық жасады деген күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Жергілікті тұрғын полицияға келіп шағымданған. Ер адамның айтуынша, 28 қазанда "Нұр-Астана" мешітінде белгісіз біреу оның аяқ киімін ұрлап кеткен. Сол сәт видеобақылау камерасына түсіп қалған. Ал 31 қазанда полицейлер "Әзірет Сұлтан" мешітінде кезекті ұрлық жасап жатқан жерінен Түркістан облысының 26 жастағы тұрғынын ұстады.

"Ұсталған ер адамның осыған дейін "Нұр-Астана" мешітінде жасалған ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша ("Ұрлық") сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылды. Ұсталған күдіктінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр", - делінген әкімдіктің сайтында.

Реклама
Реклама

Осыған байланысты Астана полицейлері тұрғындарды абай болуға шақырады.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама