ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 25 сәуір 2016 13:04
Астана полицейлері үйдің кіреберісінің алдынан табылған нәрестенің анасын іздеп жатыр
Астана полицейлері үйдің кіреберісінің алдынан табылған нәрестенің анасын іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Полицейлердің айтуынша, 22 сәуірде сағат 22.00 шамасында Ақмешіт көшесіндегі үйлердің бірінің алдынан жаңа туылған нәресте табылған. Баланы жедел жәрдем бригадасы дереу балалар ауруханасына әкетті. "Бұл дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне ҚР ҚК 199-бабы (Қауіпті жағдайда қалдыру) бойынша тіркелді. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінен ІІД хабарламасында.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу