Астана полицейлері бір топ қалта ұрысын ұстады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент
Видеодан алынған кадр

Астана полицейлері бір топ қалта ұрысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Астана полицейлері бір топ қалта ұрысын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.

Полицияға елорданың тұрғындары автобустың ішінде қымбат ұялы телефондары ұрланғаны туралы айтып арызданған. Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдіктілерді ұстады. Олар бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған 33, 32 және 30 жастағы үш ер адам болып шықты.

Ұсталған үш қалта ұрысының елордаға Павлодардан келгені анықталды. Қаскүнемдер Астанаға маршруттық автобустарда ұрлық жасау мақсатында келген. Таңертең олар қоғамдық көлікте үш ұялы телефон ұрлығын жасап, ал түстен кейін елордадан кетпек болған. Қалта ұрылары адамдарға толы автобустарға әдейі кiрiп, жолаушылардың қалталарынан ұялы телефондарын суырып алған. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Реклама
Реклама

Олардың қалта ұрлығының 15 дерегіне қатысы бар екені анықталды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 188-бабы (Ұрлық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды, олардың осыған ұқсас бірқатар қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама