26 желтоқсан 2023 | 15:56

Астана полициясы "қатыгездікпен өлтірілді" деген ақпаратқа жауап берді

фото pixabay

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде күйеуінің соққысынан зардап шеккен елорда тұрғыны ауруханада қайтыс болды деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі желіде күйеуінің соққысынан зардап шеккен елорда тұрғыны ауруханада қайтыс болды деген хабарламаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белсенді Дина Таңсәрі атын жасырып телефон соққан әйелдің мәлімдемесін жеткізді. Оның айтуынша, күйеуінің соққысынан қала тұрғыны Астанадағы №2 ауруханада қайтыс болған.

Реклама
Реклама

"Оны ес-түссіз алып келді, есін жимастан қайтыс болды. Бұл ерекше қатыгездікпен жасалған адам өлтіру, өлгенше ұрып-соғу қашанда қатыгездік, мұндай жағдайда соққы көп болады. Аты-жөні Зульфия, 1991 жылы туған, өзі жетім, артында екі баласы қалды", – деді Таңсәрі.

Ол ер адам ауыр жазадан құтылып кете ме деп қорқады, өйткені оның әрекеті өлімге әкеп соқтырған ауыр дене жарақатын салу ретінде сараланған.

Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі белсендінің үндеуіне жауап берді. Олар Астана тұрғынының қайтыс болғанын растағанымен, соққыға жығылғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Полиция қызметкерлері бұл факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Көрнекі тексеру кезінде көзге көрінетін дене жарақаттары анықталмады. Тергеу аясында бірқатар сараптамалар тағайындалып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. Қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Бұл отбасындағы тұрмыстық жанжал бойынша полицияға ешқандай өтініш немесе арыз түспеген", - делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеп-тексеру мүддесі үшін соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге ​​жатпайды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Қаласының Полиция Департаменті (@police__astana)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная