ПОДЕЛИТЬСЯ
12 мамыр 2021 | 17:48
"Астана" спортклубының экс-директорына қатысты үкім шықты
Нұр-Сұлтанда "Астана "Президенттік кәсіби спорт клубы" корпоративтік қорының бұрынғы атқарушы директоры Аманбек Кульчиков пен "Astana Pro Team велокомандасы" жеке мекемесінің атқарушы директоры Лаззат Шамшиеваға айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Нұр-Сұлтанда "Астана "Президенттік кәсіби спорт клубы" корпоративтік қорының бұрынғы атқарушы директоры Аманбек Кульчиков пен "Astana Pro Team велокомандасы" жеке мекемесінің атқарушы директоры Лаззат Шамшиеваға айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Нұр-сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты "Астана "Президенттік кәсіби спорт клубы" корпоративтік қорының бұрынғы атқарушы директоры А.К.Кульчиковке және "Astana Pro Team велокомандасы" жеке мекемесінің атқарушы директоры Л.М.Шамшиеваға және басқа тұлғаларға қатысты қылмыстық іс бойынша айыптау үкімін жариялады", - делінген хабарламада.
Кульчиков қамауда, Ардавичус іздеуде. Спортқа бөлінген қаражат қалай жымқырылған?
Айта кетейік, былтыр 3 мамырда "Астана" кәсіби спорт клубының директоры Аманбек Кульчиковтің бұл клубтың құрамына кіретін жеке мекемелер Astana Pro Team велокомандасының жетекшісі Ләззат Шәмшиевамен және Astana Motorsports жетекшісі Артур Ардавичуспен қылмыстық келісім әзірленді және іске асырылған қылмыстық схема анықталханы хабарланған болатын.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі серіктестік департаментінің бас сарапшысы Сымбат Исрапулованың айтуынша, 2016-2018 жылдары Аманбек Кульчиков аталған клубтардың нақты қажеттіліктерін біле тұра, қасақана шығындар көлемін бірнеше есеге артық көрсеткен. Сондай-ақ, оның бұл қаражаттың мақсатты түрде жұмсалғаны туралы Шәмшиева және Ардавичустан жалған есептерді қабылдағаны айтылады.
"Шетелдік компаниялармен жалған келісімдер жасау және оқу-жаттықтыру жиындарын ұйымдастыру, үй-жайларды жалға алу, тауарлық-материалдық құндылықтар сатып алу бойынша жалған актілерге қол қою арқылы артық бөлінген ақшаны жымқырған. Мысалы, демеушілер жыл сайын кәсіби жарысқа қатысудың барлық әлемдік стандартына сай келетін 200-ден астам бренд велосипедтерін тегін ұсынған", - деді бас сарапшы.
Соған қарамастан клуб басшылығы 2018 жылы Алматы қаласында автошина сатумен айналысатын қазақстандық компаниямен 6 бренд велосипедін және оған қосалқы бөлшектер сатып алуға 219 мың еуро (94 миллион 48 мың 176 теңге) сомасына жалған келісімшарт жасалған.
Айыпталушыларға қандай жаза тағайындалды?
Прокурор барлық сотталушыдан мемлекеттік және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
189-баптың 4-бөлігінің, 2-тармақтың санкциясы мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.
"Сот үкімімен Шамшиев, Диханбаев және Чигитаева ақша қаражатын жымқыру жолымен ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды (барлық эпизод бойынша).
Кульчиков іс бойынша әуе билеттері бар эпизод бойынша өкілеттіктерді теріс пайдаланғаны үшін кінәлі деп танылды, қалған эпизодтар бойынша оның әрекеттерінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақталды.
Сот сотталушылар алғаш рет қылмыстық жауапкершілікке тартылғанын, материалдық залал толық өтелгенін, Кульчиковтың кәмелетке толмаған балаларының барын; Шамшиева өкінетінін және оның залалды толық көлемде өтейтінін, сондай-ақ әрбір сотталушының жасалған қылмыстағы ролі мен дәрежесін ескерді", - делінген сот хабарламасында.
Сот үкімімен Кульчиковке өмір бойы мемлекеттік және басқа да ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
"Диханбаев пен Чигитаева Қылмыстық кодекстің 63-бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Шамшиеваға қатысты сот ерекше мән-жайларды, атап айтқанда өкінгенін, оның залалды толық өтеуін, сондай-ақ оның асырауында күтімге мұқтаж қарт ата-аналардың болуын ескерді. Осыған байланысты Шәмшиева осы қылмыс үшін көзделгеннен гөрі жазаның неғұрлым жеңіл түрі тағайындалды. Сот оған мемлекеттік және басқа ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығын шектеуді тағайындады", - деді сот өкілдері.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также