29 наурыз 2023 | 08:06

Астана тұрғыны қарызын қайтармау үшін туысын өлтірткізбек болған

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:polisia.kz

Астана тұрғыны 57 жастағы әйелдің 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін оны өлтірткізбек болған. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды, - деп хабарлайды polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана тұрғыны 57 жастағы әйелдің 500 мың АҚШ долларын қайтармау үшін оны өлтірткізбек болған. Күдіктінің бұрын сотты болғаны анықталды, - деп хабарлайды polisia.kz.

Кісі өлтіруге тапсырыс беруші өзінің танысы арқылы "орындаушымен" мәміле жасасып, оған 10 миллион теңге бермек болған, оның бір миллион теңгесін алдын ала төлеген. Сонымен бірге жәбірленушінің фотосуреті мен басқа да деректері бар ұялы телефонды тапсырған.

Реклама
Реклама

Сол күні қызметкерлер жалдамалы кісі өлтірушіні анықтады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді.

"Қылмыстың ұйымдастырушысы мен негізгі бастамашысын ұстау мақсатында полиция қызметкерлері кісі өлімін имитациялау арқылы жедел комбинация жүргізді. Жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде қылмысқа қатысқандардың бәрі ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Кісі өлтіруге тапсырыс беруші жәбірленушінің туысы екені белгілі болды. Жәбірленуші оған биылғы ақпанда 500 мың АҚШ долларын сақтауға берген.

Өзге деректер тергеу мүддесін сай жария етілмейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная