21 желтоқсан 2022 | 11:51

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалған - ҰҚК

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото:elements.envato.com

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана тұрғыны теракт жасауға дайындалғаны үшін 15 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҰҚК мәліметінше, елорда тұрғыны "Ш"-ға қатысты Астана Сарыарқа аудандық сотының шешімі заңды күшіне енген.

"Сот оның терроризм актісіне дайындалу, террористік әрекетті ұйымдастыру мақсатында адамдарды даярлау, сонымен қатар, терроризмді, билікті басып алу және ұстап тұруды, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуді насихаттау деректері бойынша кінәсін дәлелдеді", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Ол 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Астана қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық алқасымен сот үкімі өзгеріссіз қалдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная