12 наурыз 2019 | 09:42

Астанада 13 жастағы қызға шабуылдады деген күдікті ұсталды

© Тұрар Қазанғапов

Астана орталығындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінде ер адам тапа-тал түсте 13 жастағы қызға шабуылдады, - деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана орталығындағы тоғыз қабатты үйлердің бірінде ер адам тапа-тал түсте 13 жастағы қызға шабуылдады, - деп хабарлайды "Еуразия Бірінші арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, оқушы қыз дүкеннен шыққан соң бейтаныс адам соңынан подъездке дейін еріп келген. Бірінші және екінші қабат арасындағы баспалдақта педофил қыз балаға шабуылдаған. Қорқып кеткен оқушы айғайлап, қылмыскердің қолынан сытылып шығып кеткен. Әкесі қаскүнемнің соңынан тұра ұмтылған, кейін полицияға хабарласыпты.

Реклама
Реклама

Тергеушілер жапа шеккен отбасыдан жауап алып, есіктен саусақ іздерін алған. "Қызым әлі не болғанын түсіне алар емес. Бірнеше секунд. Артынан келіп, ұстап алған, денесінен сипалап, қашып кетті", - дейді әкесі.

Елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметі шабуыл жасаған күдіктіні ұстағанын хабарлады. Ол Астананың 19 жастағы тұрғыны болып шықты. 

Күдікті 11 наурызда 22:00 шамасында бейнебақылау камерасының көмегімен ұсталған. "Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысына байланысты ақпараттар жарияланбайды", - деді полицияда. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная