ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 20 наурыз 2018 16:28
Астанада 23 жастағы қызды 80 мың теңгеге секс-құлдыққа сатқан
Ішкі істер министрлігіні? ?кіледрі 14-16 наурыз аралы?ында республика аума?ында адам саудасымен айналысу ісіне ?атысты SТOP трафик жедел-алдын алу іс-шарасын ж?ргізді. Н?тижесінде 51 ?ылмысты? ереже б?зушылы? аны?талды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігінің өкіледрі 14-16 наурыз аралығында республика аумағында адам саудасымен айналысу ісіне қатысты SТOP трафик жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізді. Нәтижесінде 51 қылмыстық ереже бұзушылық анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция 23 жастағы қызды сатқан ер адамды ұстады.
Астана қалалық ІІД мәліметінше, 33 жастағы ер адам 1994 жылғы сыбайласымен бірге 23 жастағы қызды секс-құлдыққа салу мақсатында оны 80 000 теңгеге сатқан. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабы (" Адам саудасы") бойынша тіркелді.
Cонымен қатар, ІІД өкілдері Ішкі істер органдарының арнайы мекемелеріне Қазақстан Республикасының 11 азаматы, ТМД елдерінің 9 азаматы қамалғанын хабарлады.
Автор сұрағы
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу