ПОДЕЛИТЬСЯ
16 мамыр 2023 | 16:45
Астанада 82 жастағы зейнеткерді алдаған алаяқ ұсталды
Астана тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді қамаудағы қызын "босату" үшін ақша керек деген желеумен алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астана тұрғыны 82 жастағы зейнеткерді қамаудағы қызын "босату" үшін ақша керек деген желеумен алдаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, белгісіз адамдар оның телефонына қоңырау шалып, қызының полицияда екенін және мәселені шешу үшін шұғыл түрде ақша жіберу керек екендігін айтып, одан 3 мың АҚШ доллары көлемінде қолма-қол ақшаны алдап алған.
Қарт әженің айтуынша, түн ортасында үй телефонына әйел қоңырау шалып, жылаған дауыспен апатқа ұшырағандығын, қазіргі сәтте полиция бөлімшесінде екендігін айтып, ақша сұраған. Содан кейін телефонды қызының "адвокаты" алып, ұялы телефон нөмірін айтуды өтінген. Қоңыраудан кейін WhatsApp мессенджеріне жалған қорғаушы хабарласып, ақша жинап және беріп жіберу керек деген, болмаса оның қызы қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтқан.
Қарт әйел анық-қанығына көз жеткізбей ақша жинай бастаған және оны өзін жүргізуші ретінде таныстырған жас жігіт арқылы беріп жіберген. Кейін ол есіне түсіп, немересіне қоңырау шалған. Немересі оның қызымен бәрі жақсы екенін айтқан. Өзін алаяқтардың құрбаны болғанын түсінген қарт әйел полицияға жүгінген.
Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Сарыарқа ауданының ПБ қызметкерлері 24 жастағы жас жігітті анықтады, ол өз кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Сондай-ақ күдікті "курьер" қызметі үшін жалпы соманың 10 пайызын алу керек болғанын, бірақ қылмыстық оймен барлық ақшаны өзіне қалдырғанын мойындады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам Астана қаласы ПД УҰИ-ға қамалды. Оның елорда аумағында бұрын жасалған қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также