30 желтоқсан 2022 08:55

Астанада ақша айырбастау пунктінің маңындағы тонау әрекеті видеоға түсіп қалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Астанада ақша айырбастау пунктінің маңындағы тонау әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада ақша айырбастау пунктінің маңындағы тонау әрекеті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ға сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, полицияға елорданың 23 жастағы тұрғыны, белгісіз адамдардың күндіз 5 мың доллар көлемінде ақша ұрламақ болғаны туралы арызданған.

Аталған дерек бойынша Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында елордалық полицейлер "Daewoo Lacetti" маркалы көлікті анықтаған.

Реклама
Реклама

"Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы аумағында 54 және 25 жастағы күдіктілер ұсталды. Көлікті тексеру барысында сегіз патроны бар газды тапанша, тапанша түріндегі оттық және медициналық қара маска тәркіленді.

Қазіргі уақытта ҚК-нің 191-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram