ПОДЕЛИТЬСЯ
28 қыркүйек 2022 | 08:10
Астанада аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен кәсіпкер ұсталды
27 қыркүйекте Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен "Ас-Ай" ЖШС басшысы Асқар Асайұлы Омарды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

ҚМА мәліметінше, Асқар Омар "Жолаушылар тасымалы" АҚ-дан келтірілген залалды өндіріп алу кезінде жеткізу көлемі туралы жалған мәліметтерді және аудиторлардың жалған қорытындыларын пайдаланған.
Квазимемлекеттік компанияның заңсыз әрекеттерінің салдарынан 300 миллион теңгеден аса сомаға залал келтірілген.
Омар ұрланған қаражатқа Астанада құны 125 миллион теңге тұратын қымбат пәтер мен 60 миллион теңгеге Range Rover автокөлігін сатып алған.
Сонымен қатар, ол қаражатты көлеңкелі айналымға шығару үшін номиналды заңды тұлғалардан 1,3 миллиард теңгеге жалған шот-фактураларды пайдаланған.
Осыған байланысты 285,6 миллион теңгеге салық төлеуден жалтару дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также