Астанада бала қараушы әйел жұмысқа қабылдаған отбасылардың зергерлік бұйымдарын ұрлап кеткен

© 31tv.ru

Астанада ?йел адам бала?а ?араушы болып кірген ?йлерін тонап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ?аласыны? сотына сілтеме жасап. 

Астанада әйел адам балаға қараушы болып кірген үйлерін тонап кеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласының сотына сілтеме жасап. 

2017 жылдың қазанында Б. есімді әйел отбасылық жұптың баласына қараушы болуға келіскен. Бірнеше күн өткеннен кейін үйді жинау кезінде ол үй иелерінің зергерлік бұйымдары мен ақшасын ұрлаған. 

Әйел адам мұнысымен қоймай, қараша айында өзге отбасына бала қараушы ретінде жұмысқа қабылданады да қылмысын қайталайды. 

Реклама
Реклама

Алайда сот барысында тараптар медиациялық тәртіп бойынша өзара келісімге келуіне байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш берді. 

Осыған байланысты Астана қаласы Есіл ауданының №2 соты қылмыстық істі тоқтатты.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама