Астанада балаарбадан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды

Астанада балаарбадан әмиян ұрлаған қыз видеоға түсіп қалды Видеодан алынған кадр

Астана полицейлері сауда орталы?тарыны? біріндегі бутикте ?миян ?рлады деген к?діктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астана полицейлері сауда орталықтарының біріндегі бутикте әмиян ұрлады деген күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"26 желтоқсанда шамамен сағат 16.30-да "Есіл" аудандық Ішкі істер басқармасына жергілікті тұрғын белгісіз бір әйелдің балаарбада ілініп тұрған сөмкесінен қызыл түсті әмиянды ұрлап кеткенін хабарлады. Сөмкеде құжаттар мен ақша болған", - деп хабарлады полициядағылар.

Реклама
Реклама

Осы қылмысты жасады деген күдікпен 23-25 жастағы қыз іздестіріліп жатыр. Сары шашты, бойы шамамен 160-165 сантиметр. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы бойынша сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді.

Астана қалалық ІІД видеоға түсіп қалған қыздың аты-жөнін анықтау үшін Ішкі істер басқармасына мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 71-64-90, 8-707-914-15-28, 8-707-790-26-06, 8-701-311-12-27 немесе 102.

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама