Астанада балалар алаңында пышақ ұстаған жалаңаш ер адам шу шығарған

Астанада балалар алаңында пышақ ұстаған жалаңаш ер адам шу шығарған Бейнеден алынған кадр

Астанада іш киіммен қолына пышақ ұстаған ер адам балалар алаңында жүрген. Оқиға 9 сәуірде болды, куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада іш киіммен қолына пышақ ұстаған ер адам балалар алаңында жүрген. Оқиға 9 сәуірде болды, куәгерлер оны видеоға түсіріп алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желі қолданушыларының жазуынша, оқиға Петров көшесі, 2-үйдің ауласында болған. Куәгерлердің айтуынша, ер адам айқайлап, айналасындағыларға сес көрсеткен.

Тұрғындар полиция шақыртып, шамамен 20 минуттан кейін ол ұсталды. Алдын ала мәлімет бойынша, ешкім зардап шеккен жоқ.

Реклама
Реклама

Астана қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 39 жастағы ер адам ұсталып, "Алматы" аудандық полиция басқармасына жеткізілді.

"Ол қоғамдық тәртіпті бұзу түріндегі ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деп хабарлады полиция.

Сот шешімімен тәртіп бұзушы 20 тәулікке қамауға алынды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама