16 қаңтар 2018 16:43

Астанада боран соққан күні ер адамды пышақтап өлтірді деген күдіктілер ұсталды

Астанада 11 қаңтарда Жамбыл облысының тумасы 1988 жылғы азаматты өлтірген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада 11 қаңтарда Жамбыл облысының тумасы 1988 жылғы азаматты өлтірген күдіктілер ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қаза болған жігіттің туыстары осы қайғылы оқиғаны қалай болғанын айтып берді.

Реклама
Реклама

"Биыл қаңтардың 11-і шамамен 12:30-да Астана қаласында көлік тұрағында Саяхат ініміз ер адаммен сөзге келіп қалып, бірақ артынша қол алысып тарқасқан. Тұрақта орнатылған бейнебақылау камерасы түсірген видеода осы жағдай анық көрсетілген. Алайда әлгі жігіт өзімен бірге тағы бір адамды ертіп келіп, Саяхат тұратын жатақханаға кіріп, төбелес шығарған. Төбелес барысында Саяхатқа пышақ ұрылған. Ол оқиға орнында қаза тапты. Ал шабуыл жасағандар қашып кетті", - дейді қаза тапқан жігіттің туыстары. 

Осы оқиғаны Астана қалалық ІІД баспасөз қызметі растады. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, екі бап бойынша соталды тергеу басталған.

"11 қаңтарда шамамен 12:30-да болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") және 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша жүргізіліп жатыр. 1991 жылғы және 1984 жылғы екі күдікті ұсталды және Астана ІІД уақытша қамау изоляторына қамалды. ҚР Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына ("Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерi жария етiлмеуге тиіс. Олар, егер бұл тергеп-тексеру мүдделерiне қайшы келмесе және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзуға байланысты болмаса, прокурордың рұқсатымен қандай көлемде жария ету мүмкiн деп танылса, сол көлемде жария етiлуi мүмкiн") сәйкес сотқа дейінгі тергеу шаралары жария етілмейді", - делінген ІІД хабарламасында. 

Сабдраймов Саяхат Қанатбекұлы 1988 жылы 7 қаңтарда Жамбыл облысы Меркі ауданында дүниеге келген. 2015-2017 жылы ҚР ІІД ТЖК қызметінде жұмыс істеген. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram