Астанада букмекерлік кеңсені 29 жастағы қарағандылық тонаған - полиция

Видеодан алынған кадр

Астана полициясы букмекерлік ке?сені тонады деген к?дікпен 29 жаста?ы ?ара?андылы?ты ?стады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Астана полициясы букмекерлік кеңсені тонады деген күдікпен 29 жастағы қарағандылықты ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінен қаражатты ашық түрде ұрлау дерегіне қатысты күдікті ұсталды. Жедел-іздеу шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері Қарағандының 29 жастағы тұрғынын ұстады", - дейді полицейлер. 

Күдіктінің кінәсін мойындағаны хабарланып отыр. 

Реклама
Реклама

Дерек ҚР ҚК-нің 192-бабы (Тонау) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне тіркелді. Күдікті Астана ІІД-нің уақытша ұстау абақтысына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатысы анықталу үстінде. 

Мұның алдында букмекерлік кеңсе өкілдері келген шығын көлемі алдын ала есеп бойынша 700 мың теңге болғанын айтқан. 

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама