Астанада ер адам гаражды ұрлап, темір-терсек қабылдау пунктіне өткізіп жіберген

Астанада ер адам гаражды ұрлап, темір-терсек қабылдау пунктіне өткізіп жіберген Иллюстрациялық сурет: propokupki.ru

Астанада темір к?лікжайды ?рла?ан ер адам мен зардап шеккен тарапты? келісімге келуіне байланысты ?ылмысты? іс то?татылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанада темір көлікжайды ұрлаған ер адам мен зардап шеккен тараптың келісімге келуіне байланысты қылмыстық іс тоқтатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сот мәліметі бойынша, 2017 жылдың қарашасында ер адам манипулятор көлігін шақыртып, ішінде қолданыстағы техника мен өзге заттары бар гаражды тиетіп алған. Осыдан кейін ол көлікжайды темір-терсек қабылдайтын орынға өткізіп жіберген екен. Осылайша, гараж иесіне 500 000 теңге көлемінде шығын келтірілген.

"Сотта келген шығын толықтай өтелгені, медиация тәртібі бойынша тараптар келісімге келгені анықталды. Осыған байланысты Астананың Сарыарқа аудандық № 2 сотының шешімімен қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ. 

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама