ПОДЕЛИТЬСЯ
17 қаңтар 2019 | 13:45
Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасаған
Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада ер адам жедел жәрдем фельдшеріне пышақпен шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл оқиға 15 қаңтарда болған. Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер бұл мәліметті растады.
Бригаданың аға фельдшері Ұлжан Зеренханова оқиғаның қалай болағнын айтып берді.
Оның айтуынша, 15 қаңтарда күндіз шақырту келген. Мас ер адам өз әйелін ұрып-соққан, дәрігерлер әйелді ауруханаға алып кетпекші болған.
"Ол өз әйелін соққының астына алған. Біз келдік те әйелді алып кетпекші болдық. Ол ашулы әрі біздің әйелді алып кетіп, сәбиді тастап бара жатқанымыз оған ұнамады. Баламен бірге алып кете алмаймыз - болмайды. Ол басында бізге жұдырық ала жүгірді. Маған көмекші фельдшер қорған болып, құтқарып қалды. Біз шығайын деп жатқанымызда ол ас бөлмелік пышақты алып, менің әріптесімді жарақаттады", - деді фельдшер.
Оның айтуынша, дереу полиция шақыртылған. Зардап шеккен фельдшер ауруханада жатыр.
Оның басына зақым келген әрі басынан пышақ жарақатын алған. Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты", -деді бригаданың аға фельдшері Ұлжан Зеренханова. Фельдшердің жағдайды қазір жақсы.
Показать комментарии
Читайте также