ПОДЕЛИТЬСЯ
22 қыркүйек 2022 | 09:19
Астанада ер адам мас күйінде айдап кеткен көлікпен екі жол апатын жасады
Елорда тұрғыны мас күйде біреудің көлігін айдап кетіп, бір күнде екі рет жол апатын жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Елорда тұрғыны мас күйде біреудің көлігін айдап кетіп, бір күнде екі рет жол апатын жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz басылымына сілтеме жасап.
Астана тұрғыны сағат 12.52-де "102" каналына Б.Момышұлы даңғылындағы тұрғын үй кіреберісінің жанынан Gelandewagen G500 автокөлігін айдап әкеткені туралы хабарлаған.
Шағым түсірген азаматша күндізгі уақытта көлікті оталдыру үшін сыртқа шығып, есігін құлыптамай 20 минутқа қалдырып, орнына қайта келген кезде көліктің жоқтығын көріп, полицияға жүгінген. Жеке құрам аталған қылмыскерді ұстауға бағытталған.
Бейнебақылау камераларын зерттеу барысында полицейлер белгісіз ер адам үйдің ауласындағы орындықта отырғанын және көлікті оталған күйде қалдырып, үйіне кіріп бара жатқан әйелді бақылағаны анықталды.
Осы сәтті пайдаланып, ол рөлге отырып Land Cruiser 200 автокөлігімен соқтығысып, көлікті әрі қарай айдап кете берген. Сондай-ақ, Тәуелсіздік даңғылы мен Байтұрсынов көшесінің қиылысында келесі Lexus автокөлігімен соқтығысқан. Сол уақытта полиция қызметкерлері қаскүнемді қолға түсірді.
Куәландыру нәтижесі бойынша 34 жастағы ер адам орташа ауырлықтағы мас күйінде болған. ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігіне сәйкес көлік құралын алкогольдік масаң күйде жүргізгені үшін ұсталған адамға қатысты әкімшілік іс қозғалып, оған қоса ҚР ҚК-нің 200-бабы "Айдап әкету" дерегі бойынша соталды тергеу басталды.
"Мұндай қылмыстардың себебінің бірі - көлік иелері темір тұлпарын ашық қалдыру немесе түнгі уақытта есігін жабуды ұмытып кетеді. Осы сияқты себептер ұрлық пен айдап әкету үшін қолжетімділікке әкеледі", - дейді. "Алматы" ПБ аудандық полиция бөлімінің бастығы Данияр Жанқұлов.
Елорда полициясы көлік құралдарының иелеріне қырағы болуға, өз көліктерінің терезелерін, есіктері мен жүксалғыштарын ашық қалдырмауға, көлікті арнайы тұрақтарда, жарықтандырылған орындарда және бейнебақылау камераларының көрінетін аймағына қоюға қатаң түрде кеңес береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также