Астанада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

видео кадры

Жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Астана Полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері халықаралық іздеуде жүрген Тәжікстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Екі жыл бұрын 34 жастағы ер адам Тәжікстандағы үйлену тойында қонақтардың бірімен жанжал шығарып, оған дене жарақатын салған, салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.

Ер адам пробациялық бақылауда болғаны анықталды, алайда 2023 жылы ол елден шығып кеткен. Биыл қарашада оған халықаралық іздеу жарияланған. Кейін қазақстандық полицейлер оны елордадағы сауда орталықтарының бірінде тауып, ұстады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды, онда экстрадициялау туралы шешім қабылданғанға дейін болады. Кейін ол Тәжікстанның қылмыстық іздестіру органдарына беріледі", – деп хабарлады Астана Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама