11 сәуір 2024 14:03

Астанада жер бауырлап дүкенге ұрлыққа түскен ер адам ұсталды

видео кадры

Астанада дүкеннен 14 дана телефон ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дүкеннен 14 дана телефон ұрлаған күдікті ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күндізгі уақытта ер адам телефон сататын дүкенді бақылап, қылмыстық ойын түнде жүзеге асырмақшы болған. "Сергек" камераларынан жасырынбақ болған күдікті жолда жер бауырлап, дүкенге терезесі арқылы кірген.

"Дүкенге дейін жетіп жігіт терезені бұзып ішке кіреді. Бірнеше секунд ішінде ол жалпы саны 14 дана Iphone телефонының әртүрлі модельдерін иемденген. Ол тіпті соғылған дабылдан да қорықпаған. Күзет фирмасының қызметкерлері келгенге дейін күдікті сыртқа шығып, қашып үлгерген", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Жалпы келтірілген шығын 10 миллион теңгеге бағаланған.

"Ол ұрланған гаджеттерді Таразда ломбардқа өткізген, қалғанын елордада сатып алушыларға сатып жіберген. Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында Есіл ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын бірнеше рет сотталған елорданың 21 жастағы тұрғыны болып шықты".

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, оның қала аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram