25 қыркүйек 2018 19:40

Астанада журналисті өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды

Астанада журналисті өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада журналисті өлтірді деген күдіктінің суреті жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап.

"Қайғылы оқиға өткен түні болған. Журналист Ирина Бекетованы бірге тұрған Анатолий Гусейнов қызғаныштан өлтірген. Ол оны кіреберісте ер адаммен кездестірген. Қайтыс болған әйелмен ер адамның арасында жанжал шыққан. Осы ұрысты көрген танысы кетге ұйғарған. Алайда кетіп бара жатып, ер адамның әйелді ұрып жатқанын естіген. Жоғары көтерілгенінде әйелдің ес-түссіз жатқанын көріп, жедел жәрдем шақырған. Бұл кезде Гусейнов белгісіз бағытта қашып кеткен", - деді ІІМ өкілі. 

Реклама
Реклама

Бекетова мен Гусейнов заң жүзінде отбасын құрмаған. Екеуінің ортақ екі баласы бар. Қылмыскерді ұстауға елордалық ІІД жеке құрамы толықтай жұмылдырылған. 

ІІМ мәліметінше, осы қылмыс үшін Астана тұрғыны Гусейнов Анатолий Михайлович іздестірілуде екен.  1984 жылы 23 маусымда дүниеге келген. Қандай да бір мәліметті белген жағдайда, азаматтардан дереу Астана ішкі істер департаментінің мына нөмірлеріне хабарласуды сұрайды: 8 (7172) 71-60-17, 71-61-47, 71-60-21, немесе кезекші бөлім: 71-60-10, 71-60-11.

Еске салайық, Астанада журналист өлтірілді

"Астана полицейлері 37 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адамды күдікке ілінген. Күдіктіні ұстау мақсатында барлық шара қабылданды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Ирина Бекетова шамамен 12 жыл "Қазақстан теміржолшысы" газетінде жұмыс істеген. Әріптестерінің айтуынша, әзірше Иринаның өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгісіз. Анасының айтуынша, оған үйдің кіреберісінде шабуыл жасаған.

"Ираның өліміне қатысты әлі нақты ештеңе білмейміз. Анасы бізге таңертең жылап кіріп келді. Оны кешке жұмыстан қайтып бара жатқан үйге кіреберісте өлтіріп кеткен", - дейді қайтыс болған әйелдің әріптесі Маржан Бақиева.

Оның айтуынша, әйелдің артында төрт баласы қалады. Тұңғыш баласы Даун синдромымен ауырады.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram