ПОДЕЛИТЬСЯ
25 қыркүйек 2018 | 15:50
Астанада журналист өлтірілді
Астанада журналист өлтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Астанада журналист өлтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ІІД өкілдерінің мәліметінше, күдікті ұсталды.
"Астана полицейлері 37 жастағы жергілікті тұрғынды өлтірді деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады. Күдіктіні ұстау мақсатында барлық шара қабылданды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.
Ирина Бекетова шамамен 12 жыл "Қазақстан теміржолшысы" газетінде жұмыс істеген. Әріптестерінің айтуынша, әзірше Иринаның өліміне қатысты оқиғаның мән-жайы белгісіз. Анасының айтуынша, оған үйдің кіреберісінде шабуыл жасаған.
"Ираның өліміне қатысты әлі нақты ештеңе білмейміз. Анасы бізге таңертең жылап кіріп келді. Оны кешке жұмыстан қайтып бара жатқан үйге кіреберісте өлтіріп кеткен", - дейді қайтыс болған әйелдің әріптесі Маржан Бақиева.
Оның айтуынша, әйелдің артында төрт баласы қалады. Тұңғыш баласы Даун синдромымен ауырады.
Показать комментарии
Читайте также