ПОДЕЛИТЬСЯ
24 қыркүйек 2024 | 09:07
Астанада қарақшылық шабуыл жасаған ресейлік Испанияда ұсталды
Астанада қарақшылық шабуыл жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған Ресей азаматы ҚР ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Испанияның Аликанте қаласында ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың Ішкі істер министрлігі ақпараты бойынша, 2016 жылы ер адам бір топ адаммен зорлық-зомбылық қолдану арқылы үйге заңсыз кіріп, жалпы сомасы 4 миллион теңгеден астам мүлікті иемденген.
"Қазіргі уақытта ұсталған адам еліне экстрадициялау туралы мәселе шешілгенге дейін қамауда ұсталады", - делінген ведомство хабарламасында.
Бұған дейін Астана Полиция департаменті аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматының ұсталғанын хабарлаған болатын. Биылғы маусымнан бастап Астананың 28 жастағы тұрғыны Мәскеу аумағында жасырынып жүрген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также