31 наурыз 2023 | 17:23

Астанада Қайрат Боранбаевқа қатысты сот үкімі шықты

Дина Шарипханова Корреспондент
Tengrinews.kz архивінен

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі кәсіпкер Қайрат Боранбаев 8 жылға сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы Сарыарқа сотында үкімді судья Назгүл Бапақова оқыды.

"Қайрат Боранбаевты кінәлі деп танылып, оған 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалсын", - деді судья Бапакова.

Реклама
Реклама

26 желтоқсанда Қаржы мониторингі агенттігі өкілдері Қайрат Боранбаев ісінің жай-жапсарын айтқан болатын.

Еске салайық, қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев қамауға алынғаны хабарланған болатын. 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Мамырдың басында Боранбаев Forbes рейтингіндегі Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінен шығарылғаны белгілі болды.

ҚМА мәліметінше, "АзияГазЧунджа" ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов және Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Таир Жанұзаққа сұйытылған мұнай газын сатып алу кезінде 14,5 миллиард теңге ұрлау және қылмыстық кірістерді заңдастыру деректері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

Ұлттық компанияға келтірілген залал Qazaq Gaz АҚ шоттарына аудару арқылы толық көлемде өтелді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная