Астанада көлігімен 14 келі наша тасымалдаған адам ұсталды

Астанада к?лігімен 14 келі наша тасымалда?ан адам ?сталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? ІІД-ні? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Астанада көлігімен 14 келі наша тасымалдаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 мамырда "Тәртіп" алдын алу шарасының барысында ҰҚКД қызметкерлері Астана қалалық ІІД-нің Есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірігіп, елорда территориясында есірткі сатумен айналысқан адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 

Реклама
Реклама

"Фламинго" саяжай шаруашылығында Mazda 323 көлігінің жүргізушісі ұсталды - Жамбыл облысының 1978 жылғы тумасы. Көлік құралын тексеру кезінде 14 келіден асатын наша табылған. Осыған дейін 2007 жылы бұл азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, есірткімен байланысты қылмысы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Аса әрі көлемдегі нашаның құны 11 миллион теңгеден асатынын айтады полициядағылар. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама