Астанада көлігімен 14 келі наша тасымалдаған адам ұсталды

Астанада көлігімен 14 келі наша тасымалдаған адам ұсталды

Астанада көлігімен 14 келі наша тасымалдаған адам ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

17 мамырда "Тәртіп" алдын алу шарасының барысында ҰҚКД қызметкерлері Астана қалалық ІІД-нің Есірткіге қарсы күрес басқармасымен бірігіп, елорда территориясында есірткі сатумен айналысқан адамдарды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. 

Жарнама
Жарнама

"Фламинго" саяжай шаруашылығында Mazda 323 көлігінің жүргізушісі ұсталды - Жамбыл облысының 1978 жылғы тумасы. Көлік құралын тексеру кезінде 14 келіден асатын наша табылған. Осыған дейін 2007 жылы бұл азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылып, есірткімен байланысты қылмысы үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Аса әрі көлемдегі нашаның құны 11 миллион теңгеден асатынын айтады полициядағылар. Күдікті қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама