Астанада көлік дөңгелегін ұрлағандар ұсталды

©Тengrinews.kz

Астанада автокөлік дөңгелегін ұрлау кезінде ұрылар қолға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш жігіт бөтен көліктің бамперін шешіп, оның жанармайын төкпекші болған. Қолға түскендердің Ақмола және Қостанай облысының 1990 және 1991 жылы туған жұмыссыз жүрген азаматтары екендігі тексеру кезінде анықталды. Сондай-ақ, екеуінің бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталғандығы белгілі болып отыр.

Тергеу кезінде олардың бірі бұдан бұрын тұрғын үй аулаларына тұраққа қойылған көліктердің дөңгелегін ұрлағанын мойындады.

Реклама
Реклама

Полиция қызметкерлері ұрланған заттардың бір бөлігін тәркіледі. Қалған ұрланған дөңгелектерді қылмыскерлер іске жаратып үлгерген. Келтірілген шығынның көлемі 200 мың теңге болды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама