1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс
Реклама
Реклама

Астанада күтуші мен ер адам баланы өлтіргені үшін сотталды

Прокуратура Астанада сәбидің өліміне қатысты іс бойынша ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Прокуратура Астанада сәбидің өліміне қатысты іс бойынша ақпарат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық прокуратура мәліметінше, 2022 жылы күтуші мен бірге тұратын ер адам физикалық зорлық-зомбылық көрсетіп, соның салдарынан сәби қайтыс болды.

"Қала прокуратурасымен жедел-іздестіру тобы құрылып, істің жедел және объектив тергелуі қамтамасыз етілді. Сотта мемлекеттік айыптаушы бұл тұлғалардың кінәсін бұлтартпайтын дәлелдер келтіріп, сот үкімі бойынша олар 17 және 23 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп хабарлады Астана прокуратурасы.

Реклама
Реклама

Үкім заңды күшіне енді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!