Астанада күзетші 2 миллион теңге тұратын иіссуды ұрлап кеткен

Астанада күзетші 2 миллион теңге тұратын иіссуды ұрлап кеткен © piterlady.ru

Астанада косметика сататын д?кенні? к?зетшісі 2 миллион те?ге т?ратын иіссу ?рлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанада косметика сататын дүкеннің күзетшісі 2 миллион теңге тұратын иіссу ұрлап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Соттың мәліметінше, ер адам ұзақ уақыт бойы Beautymania дүкенінде жұмыс істей жүріп, 2 051 504 теңге тұратын парфюмді жасырын түрде алып кеткен. 

"Ер адам сотта кінәсін толықтай мойындады. Келтірілген шығынды өтеп берді", - делінген соттың хабарламасында.

Реклама
Реклама

Соттың шешімімен, дүкен күзетшісі шартты түрде 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айырылды.

"Астанадағы Есіл аудандық №2 соттың шешімімен ер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігі бойынша ("Ірi мөлшерде жасалған ұрлық") сотталып, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған "Рақымшылық туралы заңға" сәйкес, шартты түрде 1 жыл 9 айға дейін бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады Астана қалалық сотының баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама