Астанада лифтідегі мониторды сындырған жігіт табылды - ІІД

© Tengrinews.kz фотоколлажы

Астана полицейлері тұрғын үй кешенінің лифт кабинасында орнатылған мониторды сындырған жігітті тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Елордалық жоғарғы оқу орындарының бірінде оқитын 2-курс студенті, 19 жастағы жігітті ұстауға азаматтық ұстанымы белсенді жандар көмектескен. Ол мониторды бұзақылық қылықпен бүлдірген. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүріп жатыр. 

Полициядағылардың сөзіне қарағанда ол мониторлар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылады. Мониторда видеобақылау камерасы да орнатылған екен.

Реклама
Реклама

Еске салайық, астаналық полицейлер тұрғын үй кешеніндегі лифт кабинасына орнатылған мониторды сындырып кеткен ер адамды іздеу жариялаған еді. 

Астана қалалық ІІД мәліметінше, полицейлер ер адамды анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Оқиға 25 тамызда шамамен сағат 21.00-22.00 аралығында болған.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news2
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама