Астанада лифтідегі мониторды сындырып кеткен ер адам видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр

Астаналық полицейлер тұрғын үй кешеніндегі лифт кабинасына орнатылған мониторды сындырып кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қалалық ІІД мәліметінше, полицейлер ер адамды анықтау мақсатында кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр. Оқиға 25 тамызда шамамен сағат 21.00-22.00 аралығында болған.

Полициядағылардың сөзіне қарағанда ол мониторлар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылады. Мониторда видеобақылау камерасы да орнатылған екен.

Реклама
Реклама

"Ер адам жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден Қорғалжын тасжолы, №21 үйде орналасқан Есіл аудандық Ішкі істер басқармасына немесе мына нөмірлер бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(7172)71-65-48, 8701-188-04-62 немесе 102", - деді ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама