Астанада лифтте мысықты аяусыз тепкен адам ұсталды

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Астана полициясының баспасөз қызметі

Астанада жануарларға қатыгездік көрсеткен, ұсақ бұзақылық жасаған адам ұсталды. Бұл туралы Астана қаласы ПД баспасөз қызметінің басшысы Эльмира Шауленова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг барысында Қошқарбаев көшесіндегі тұрғын үйдің лифтінде тұрған жігіт мысықты аяусыз тепкілейтін видео анықталған.

"Алматы" ауданы ПБ полиция бөлімінің қызметкерлері оның кім екенін анықтаған. Ол елорданың 19 жастағы тұрғыны болып шыққан.

Реклама
Реклама

Кінәлі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Осы іске қатысты материал шешім қабылдау үшін Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама