Астанада мектеп мұғалімі үйіне келген қонақты өлтірген

© proishestviya.com

Астана мектептерінің бірінің ұстазы кісі өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл деректі Астана ІІД растады.

Оқиға 23 қарашада күдіктінің жалдамалы үйінде болған. Ол елордадағы құрылыс нысандарының бірінде жұмыс істейтін 40 жастағы азаматты үйіне қонаққа шақырған. Бірақ ішімдік ішкеннен кейін екеуі сөзге келіп қалыпты. Соңында ер адам қонағын пышақтап өлтірген.

ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, бір тәуліктің ішінде 25 жастағы күдікті ұсталды. "Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 106-бабы бойынша (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Ұсталған азамат елордадағы мектептердің бірінде жұмыс істейді", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Бейресми ақпараттар бойынша, күдікті информатика пәнін сабақ берген.

Реклама
Реклама

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама