ПОДЕЛИТЬСЯ
31 қаңтар 2024 | 12:01
Астанада оқушы қызды зорлау оқиғасы: төрт күдікті ұсталды
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанада сегізінші сынып оқушысын топтасып зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Астанада сегізінші сынып оқушысын топтасып зорлау оқиғасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ІІМ басшысы мұндай факт бар екенін растады. Қылмыстық іс тергеліп жатыр.
"Өкінішке қарай, мұндай факт болды. Бірден ұсталғандардың, сонымен қатар кәмелетке толмағандардың кім екенін анықтадық, қазір қылмыстық іс қаралып жатыр. Төрт кәмелетке толмаған бала ұсталды", - деді Сәденов Мәжілісте журналистердің сұрағына жауап бере отырып.
Еске салайық, балалар омбудсмені Динара Зәкиева Астанада 17 қаңтарда қызға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық дерегі тіркелгенін хабарлады.
"Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр. Мен қыздың анасымен байланыстамын. Қызбен психолог жұмыс істеп жатыр", - деп жазды Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Показать комментарии
Читайте также