Астанада полицей формасын киген ер адам жезөкшені тонап кеткен

Астанада полицей формасын киген ер адам жезөкшені тонап кеткен © ru-an.info

Астанада ?зін полицей ретінде таныстыр?ан ер адам же?іл ж?рісті ?йелді тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ?алалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап. 

Астанада өзін полицей ретінде таныстырған ер адам жеңіл жүрісті әйелді тонап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Биыл маусымда ер адам интернет арқылы интим қызмет көрсететін әйелмен танысқан. Кездесуге келісіп, ер адам оның үйіне барады. Осыдан кейін ол үйдегі мүлікті тонау амалын ойластырған. 

"Тергеу әлі анықтамаған адамдармен біріккен ер адам түн ортасында әйелдің үйіне полиция ретінде келіп, ақша мен алтын бұйымдарды алып кеткен", - дейді сот өкілдері. 

Жарнама
Жарнама

Есіл ауданының № 2 сотының шешімімен күдікті ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-тарауының 1,2,3-тармақтары бойынша айыпты деп танылды. Сот үкімі бойынша ол 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама