16 қазан 2022 | 12:04

Астанада полиция қызметкерлері дүкен иесін тонап кеткен ер адамды ұстады

Polisia.kz

Астанада полиция қызметкерлері дүкен иесін тонап кеткен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астанада полиция қызметкерлері дүкен иесін тонап кеткен ер адамды ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жәбірленушінің айтуынша, ол Республика даңғылындағы аяқ киім дүкенінде сатушы болып жұмыс істейді. Сатушы дүкенге бейтаныс адамды ішімдік ішуге шақырған. Екеуі бірге ішімдік ішіп отырғанда бейтаныс ер адам сөредегі аяқ киімдерді сұрамай киіп көре бастаған. Ол сатушының ескертулеріне мән бермеген. Кейін екеуінің арасында жанжал басталған. Қаскүнем "Adidas" маркалы аяқ киім мен былғары сырт киімді алып кетіп қалған. Көшеде күдікті сатушыға күш қолданып, оны соққыға жыққан", - делінген хабарламада.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті ұсталды. Ол бұрын сотталған елорданың 41 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Реклама
Реклама

"Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 191-бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді "Сарыарқа" ауданы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Марк Азволинский.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная