Астанада шағын несие беретін компанияға шабуыл жасалды

Скриншот

Астанада беттеріне медициналы? маска та??ан екі адам ша?ын несие берумен айналысатын компания?а шабуыл жасады. Астаналы? полицейлер тонаушыларды бірден ?ол?а т?сірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана ?алалы? ІІД баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанада беттеріне медициналық маска таққан екі адам шағын несие берумен айналысатын компанияға шабуыл жасады. Астаналық полицейлер тонаушыларды бірден қолға түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бөгенбай батыр даңғылында орналасқан микронесие беретін компанияның кеңсесіне 29 желтоқсан күні сағат 19.00 шамасында екі адам баса-көктеп кірген, беттеріне медициналық маска таққан, олар пышақпен және қаруға ұқсас затпен қорқытып, кассадан шамамен 500 мың теңгені алып кеткен", - деді ІІД мамандары.

Бұл дерек ҚР ҚК 192-бабы ("қарақшылық") бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. 

Реклама
Реклама

 

"Полицейлер видеобақылау камераларының көмегімен аз уақыттың ішінде екі адамды да ұстады, олар 23 және 25 жастағы жергілікті тұрғындар, олардан пневматикалық қару мен 428 500 теңге көлеміндегі ақша алынды", - деді ІІД қызметкерлері.

Айта кетейік, күдіктілер қылмыс орнынан асығып кетіп бара жатқанда ақшаның бір бөлігін шашып алған, өтіп бара жатқан адамдар оларды жинап, кеңсеге апарып берген.

Тергеу амалдары кезінде күдіктілер өз кінәларын мойындады. Олар уақытша ұстау изоляторында. Тергеу жалғасып жатыр.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news1
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама