Астанада "тәрбиелік мақсатта" баланың басынан ұрған зейнеткер жазаланды

Астанада ?з ?йіні? ауласында баланы? басынан ?р?ан зейнеткерге айыпп?л салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалы? сотты? баспас?з ?ызметіне сілтеме жасап.

Астанада өз үйінің ауласында баланың басынан ұрған зейнеткерге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Зейнеткер өз үй ауласында кәмелетке толмаған баланың басынан ұрған. Осылайша ол денсаулыққа зиян келтірмей, физикалық ауырсынуға алып келген зорлық-зомбылық әрекетін жасаған. Сотта зейнеткер баланы тәрбиелік мақсатта ұрғанын айтқан", - делінген соттың қаулысында.

Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысымен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 10 АЕК (22 690) теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.

Реклама
Реклама
Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама