Астанада үш қыз алаяқтық схема құрған

Айнұр Қапышова Корреспондент
Астанада үш қыз алаяқтық схема құрған Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Астанада үш қыз ұйымдастырған алаяқтық схема әшкереленді. Бұл іс бойынша шамамен 50 ер адам жәбірленуші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Астанада үш қыз ұйымдастырған алаяқтық схема әшкереленді. Бұл іс бойынша шамамен 50 ер адам жәбірленуші болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана прокуратурасына сілтеме жасап.

Қыздар танысу сайттары арқылы жәбірленушілермен танысып, қарым-қатынасты жалғастыру үшін жалға алынған пәтерде кездесуді ұсынған.

"Кейіннен олар Астанада пәтерді жалға беру туралы хабарландырулар орналастырып, тартымды интерьердің фотосуреттерін тіркеп, алдағы уақытты бірге өткізу үшін пәтерді бір тәулікке жалға алуды ұсынған", - деп хабарлады прокуратура.

Реклама
Реклама

Нәтижесінде 45-тен аса жәбірленуші жалпы сомасы шамамен 620 мың теңге қаражатты жалған пәтер үшін аударған.

Ақшаны иемденген соң, кінәлі тұлғалар жәбірленушілермен хат алмасуды тоқтатып, олардың нөмірлерін бұғаттап отырған.

Сотта алаяқтар кінәсін мойындап, материалдық залалды өтеді. Оларға 3 жылдан 3 жыл 6 айға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, пробациялық бақылау белгіленіп, мәжбүрлі еңбекке тартылды. Үкім заңды күшіне енді.

Бұған дейін, әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads-те "жар іздеймін", "танысқым келеді" деген жарияланымдарды жиі кездестіруге болады. Ішкі істер министрлігі мұндай жазбалардың артында қарапайым желі қолданушыларынан бөлек алаяқтар да болуы мүмкін екенін ескертті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Автор сұрағы
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама